Оқиға М. Жұмабаев ауданының Булаев қаласында болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Солтүстік Қазақстан облысында өткен "Жастар" облыстық спартакиадасы кезінде төрт адам астан уланып қалды.
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, зардап шеккендердің үшеуі – кәмелетке толмағандар. Алдын ала деректерге сәйкес, олардың барлығы Булаев қаласы стадионы аумағындағы сауда нүктесінен донер сатып алып жеген.
М.Жұмабаев аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бұл дерек бойынша тергеу бастаған. Қазіргі таңда тағам сынамалары алынып, зертханалық тексерулер жүргізіліп жатыр.