Ал колледж түлектері оқуға әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады .

Биылғы оқу жылы алдындағы ұлттық бірыңғай тестілеудің соңғы кезеңі басталды, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Тамыздағы ҰБТ-ға қатысу үшін 28 мыңға жуық өтініш қабылданды. Олар.

  • қазақ тілінде — 65%;
  • орыс тілінде — 35%;
  • ағылшын тілінде — 89 адам.

"Тамыз айындағы ҰБТ-ға ағымдағы және өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, қандастар, шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері, шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға, басқа мамандықтардан педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін студенттер және жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылданған студенттер қатысады", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: ҰБТ-дан кейінгі күйзеліс: Төмен балл алған балаларға қалай психологиялық қолдау көрсеткен дұрыс


Ал колледж түлектері оқуға әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады.

Айта кетері, тамыздағы ҰБТ нәтижесі бойынша грант берілмейді, қажет ұпай санын алып, ақылы бөлімге ғана түсуге мүмкіндік жасалады.