Бұл шара медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау жағдайларының көбеюіне байланысты қабылданды.

Денсаулық сақтау министрлігі аумақтық полиция департаменттерімен бірлесіп, республика бойынша медициналық ұйымдарда тәулік бойы жұмыс істейтін 152 полиция бекетін ұйымдастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгінде полиция бекеттері мынадай стационарларда орналасқан:

қалалық – 30;

облыстық – 10;

балалар – 12;

перинаталдық орталықтар – 5;

аудандық орталық ауруханалар – 48;

аудандық ауруханалар – 23.

Посттарды енгізу оқиғаларға жедел жауап беруге, шиеленістердің алдын алуға және медицина қызметкерлері мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл шара медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау жағдайларының көбеюіне байланысты қабылданды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы қызметтік міндеттерін атқару кезінде медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын.