Бұл туралы Al Jazeera медиажелісі хабарлады.

Иракта 621 қажының тыныс алуы қиындап, жедел ауруханаға жеткізілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға елдің орталығында және оңтүстігінде орналасқан Наджаф пен Кербела қалалары арасындағы бағытта тіркелген. Қажыларды қорғауға жауапты қауіпсіздік күштері оқиғаны растады.

– Кербелада хлордың ағуынан тұншығу жағдайының 621 оқиғасы тіркелген. Олардың барлығына қажетті көмек көрсетіліп, науқастар ауруханадан жақсы жағдайда шыққан, – деп хабарлады Ирак денсаулық сақтау министрлігі.

Al Jazeera телеарнасы Ирактың инфрақұрылымының басым бөлігі ондаған жылға созылған соғыс, ішкі қақтығыстар және сыбайлас жемқорлық салдарынан тозғанын шегелеп айтты. Сондықтан да, қауіпсіздік нормалары көбіне сақталмайды.

Еске салайық, осы жылы қажылыққа бара жатқан бірнеше миллион адам имам Хусейн мен оның ағасы Аббастың қасиетті жері орналасқан Кербалаға барады деп болжанған.