Палестинада Al Jazeera журналистерінің қазасына байланысты жаппай наразылық шеруі өтті, деп хабарлайды 24kz.

Иордан өзенінің батыс жағалауында жастар көшеге шығып, оқиғаны тергеуді талап етті. Наразылық акциясына БАҚ өкілдері мен құқық қорғау ұйымдары да қатысты. Бірер күн бұрын Газада Израиль әскерінің әуе шабуылынан Al Jazeera телеарнасының 5 журналисі қаза тапты. Еврей елінің билігі олардың бірін ХАМАС қарулы тобының басшысы деп айыптаған. Телеарна бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.

Айта кетейік, Газада қарулы қақтығыс басталғалы бері 237 бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қаза тапқан.