2025 жылғы 12 тамызда өткен Үкімет отырысында Оқу министрі Ғани Бейсембаев Қазақстандағы барлық балабақшалар ваучерлік қаржыландыру жүйесіне толық көшірілетінін мәлімдеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Министрдің айтуынша, жаңа оқу жылында еліміздегі 11 800 мектепке дейінгі ұйымдарда миллионнан астам бала тәрбиеленіп, білім алады.

«Жыл басынан бері балабақшаларды ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасы еліміздің 20 қаласы мен 7 ауданында сәтті жүзеге асырылды. Пилоттық кезеңде 461 мың ваучер берілді, балабақша кезегі 93 мың балаға қысқарып, жергілікті бюджеттен 7,7 млрд теңге үнемделді», – деді Ғани Бейсембаев.

Оның айтуынша, қыркүйек айынан бастап жылдың соңына дейін барлық балабақшалар кезең-кезеңімен толық ваучерлік жүйеге көшіріледі.

Сондай-ақ министр былай деп толықтырды:

«135 балабақшада 7 мыңнан астам бала «Тілге бойлау» жобасы аясында мемлекеттік тілді меңгеру дағдыларын арттырды. Сонымен қатар отбасылық жағдайда 5 жасқа дейінгі балаларды дамытуға бағытталған «Бестен бұрын» жобасы жаңа оқу жылынан бастап мектепке дейінгі білім беру жүйесіне кеңінен енгізіледі. Қыркүйек айында балаларды еңбекке ерте жастан баулуға арналған жаңа пилоттық жоба басталады. Ол 100 балабақшаны қамтып, шамамен 12 мың баланы қамтиды», – деді министр.