Шымкенттегі ауруханаға белгісіз ер адам кіріп, бір адамды соққыға жықты.
Оқиға бейнежазбаға түсіп қалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Видеодағы сипаттамаға сәйкес, шабуыл кезінде агрессор бұрын түрмеде отырғанын "мақтан" еткен. Шымкент ПД аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
Күдікті ұсталып, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында отыр.
"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы полиция басшылығының бақылауында", – деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаменті.