Бүгін талантты футболшы Дастан Сәтпаевтың туған күні, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Қазақстан Футбол федерациясы мәлімдеді.

"Алтын бала 17-ге толды. Бүгін ұлттық құраманың шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың туған күні. Құттықтаймыз!", — деп жазды kff_team.

Айта кетейік, 2024 жылдың мамыр айында Сәтбаев «Қайрат» командасында дебют жасаған ең жас ойыншы ретінде тарихқа енді. Өткен QJ лигасында жас футболшы 28 ойында 26 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.