Депутат Бақытжан Базарбек жер заңнамасына қатысты тағы бір былықты әшкерелеп, әлеуметтік желіде фото-видеолармен бөлісті.
Оның айтуынша, аталған заңсыздық Наурызбай ауданында болып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Кеше біз Наурызбай ауданындағы тау бөктерінің тау қуыстарының заңсыз, рұқсатсыз көміп тастау әрекетін анықтадық! Жылдар бойы табиғат қирап жатқанда әкімдік, полиция және барлық бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік органдар көздерін жұмып келді. Экологиялық қылмысқа кім жауап береді?", – деп ашынды депутат.
Бейнежазбада Наурызбай ауданына қарасты Қарағайлы ықшамауданы маңында жоталар құммен көмілгені анық көрінеді.