Құралайды көзге атқан 800 мерген Азия чемпионы атағы үшін сынға түседі.

16–30 тамыз күндері Шымкентте нысана көздеу және стенд атудан 16-шы Азия чемпионаты өтеді. Додаға Бахрейн, Вьетнам, Гонконг, Үндістан, Қатар, Қытай, Кувейт, Малайзия, БАӘ, Оман, Сауд Арабиясы, Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония сынды 26 елден келген 800-ден астам спортшы қатысады.

Жасөспірімдер, жастар және ересектер Shymkent Shooting Plaza кешенінде тапанша, винтовка, жылжымалы нысана және стенд ату бойынша жекелей және командалық жарыстарда бақ сынайды. Барлығы 700-ден астам медаль сарапқа салынады.

Чемпионатқа ISSF президенті Лучано Росси, ASC президенті шейх Салман әл-Сабах және басқа да халықаралық спорт ұйымдарының басшылары келеді.