Күдіктілер қылмыстық жолмен табылған қаржыны аудару және қолма-қол алу үшін банк шоттары мен төлем карталарын пайдаланатын адамдарды ұйымдастырған.
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласында полицейлер ҚР Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мен прокуратураның үйлестіруімен 19 бен 24 жас аралығындағы 5 облыс тұрғынын ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Аққайың ауданының 21 жастағы тұрғыны халықаралық интернет-алаяқтық желісіне қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топты құрған деген күдікке ілінді. Ол 4 адамның әрекетін үйлестіріп отырған.
Қазіргі уақытта ұсталғандардың еліміздің әр өңірінде, соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында жасалған сегіз интернет-алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды. Келтірілген жалпы материалдық шығын 38,5 миллион теңгені құрайды.
– Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. "Заң және тәртіп" тұжырымдамасын жүзеге асырудағы басым бағыттардың бірі. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, – деп атап өтті СҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлнұр Ахмедьяров.