«Келешек мектептері» үшін директорлардың жаңа буыны даярланып жатыр. Президенттік жастар кадрлық резерві тәжірибесіне негізделген бұл жоба 2023-ші жылдан басталған. Бүгінде арнайы оқытудан өткен мыңдаған педагогтың 583-і республикалық кадрлық резервке іліккен. Олардың 397-сі конкурстан тыс негізде басшылық қызметке тағайындалды. Тек 2024 жылдың өзінде 36 резерв мүшесі жаңа үлгідегі «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған білім ұяларының директоры болған. Жалпы жоба арқылы министрлік мектептерде жаңа басқару мәдениетін қалыптастырамыз деп отыр.

Жұлдыз Елубаева, Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру комитетінің бас сарапшысы:

Бірінші психометриялық тестілеу, екінші, үш деңгейлі оқыту және тағылымдама, жалпы бағалау болады. Конкурстық комиссиямен сұқбаттасу болады. Директор лауазымы болу үшін келесі талаптар қойылады. 5 жылдан кем емес еңбек өтілі. Оның ішінде 2 жыл үздіксіз, 2 жыл директор орынбасары болуы тиіс және сарапшы біліктілік санатынан кем емес педагог қатыса алады.

Алдияр Айтпай