Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Алаш тасжолының 191 көшесінен 69 көшесіне дейінгі учаскеде орташа жөндеу жүргізеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осыған байланысты 25-29 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет екені айтылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері орнатылмақ.