Полиция қызметкерлері Алматы қаласында жалған нөмірмен жүрген жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты .
Ішкі істер министрлігінен түскен мәліметке қарағанда, жол ережесін бұзбаса да, Орал қаласының тұрғынына айыппұл келе бастаған. Бұл жөнінде ол полицияға шағым түсірген.
Тексеру барысында анықталғанындай, біреуі Оралда, екіншісі Алматыда жүрген ұқсас автокөліктің мемлекеттік нөмірлері де бірдей болған. Олардың біреуі Алматыда жол қозғалысы ережесін бұзса, сол үшін оралдық жүргізуші айыппұл ала бастаған.
– Құқық бұзушының жалған мемлекеттік нөмірді пайдаланғаны белгілі болды. Полиция қызметкерлері оны бірнеше күн ішінде қолға түсірді, – деп хабарлады ведомстводан.
Орал қаласының тұрғыны мәселені жедел шешкені үшін алматылық полицейлерге алғысын білдірді.