Еркін күрестен Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы U20 жас санатындағы әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімін жариялады. Бұл жарыс Болгарияның Самоков қаласында өтеді
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Әлемдік біріншілікте ел намысын он спортшы қорғайды:
57 келіге дейін: Нұрданат Айтанов
61 келіге дейін: Аллан Оралбек
65 келіге дейін: Ералы Жеңісов
70 келіге дейін: Сұңқар Сейдахмет
74 келіге дейін: Досжан Құл-Ғайып
79 келіге дейін: Ерхан Әбіл
86 келіге дейін: Қасымжомарт Әлин
92 келіге дейін: Камиль Куруглиев
97 келіге дейін: Самир Дурсунов
125 келіге дейін: Едіге Қасымбек
Айта кетейік, күрес түрлерінен әлем чемпионаты 17-24 тамыз аралығында өтеді.