Алматы қаласының Түрксіб ауданында Майлин көшесінің бойындағы көлде ер адамның батпаққа батып бара жатқаны туралы хабар түсті.
Құтқару операциясын жүргізу үшін оқиға орнына ҚР ТЖМ РЖҚЖ-ның жедел тобы жіберілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, ер адамның көлдің батпақты бөлігінде тұрып қалғанын және өздігінен шыға алмай жатқанын анықтады.
Зардап шеккен азамат құтқарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.