Әлеуметтік желіде влог жүргізетін Эльза есімді келіншек өзінің жеке өміріндегі ауыр сәттерді көпшілікпен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айтуынша, некесінің бұзылуына басқа емес, қайын атасының іс-әрекеті түрткі болған.

"Келін болып түскен алғашқы күннен бастап, әр қадамымды бақылап, мазамды алды. Таңғы бестен, алтылар шамасында жатын бөлмеміздің есігін қағып, “келін ерте тұруы керек” деп айқайлайтын. Жасаған тамағымнан мін тауып, сын айтатын.

Сыртқа шығуыма рұқсат бермейтін. Бір шаруамен шықсам, “осы уақытқа дейін қайда жүрсің” деп ұрсатын.

Тіпті, өзіне ұнаған уақытта біздің жатын бөлмемізге кіріп келетін. Бөлмеде батареяға жайылған ішкиімдерімді көріп, “мұны бұл жерге жайма” деп зекитін.

Күйеуім үй шаруасына көмектессе, “келін өзі істеуі керек” деп араласатын".

Ең ауыр тигені – “көйлегіңнің ішінен ішкиімің көрініп тұр” деген сөзі болды, – дейді Эльза.

Оның сөзінше, бөлек шығып кеткеннен кейін де қайын атасы үйге жиі келіп, “әйелді таңдайсың ба, мені ме?” деп баласына талап қойған. Ақырында ерлі-зайыптылар ажырасып тынған.

"Өткен өмірім үшін өкпем жоқ, бірақ сол жағдайлар некеміздің бұзылуына себеп болды", – деп қорытты ол.

@01elbb Это видео не жалоба. Это опыт. Я молчала, терпела, пыталась быть «правильной» келін. Но теперь рассказываю, что на самом деле происходило, какие уроки я из этого вынесла, и почему больше так нельзя. ???? #fyp #мояистория #развод ♬ оригинальный звук — 01elbb