Қазақстандық мамандардың халықаралық спорт федерацияларына сайлануы еліміздің әлемдік спорттағы беделін нығайтады.

Qazaqstan Aquatics федерациясының бас хатшысы, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин дауыс беру нәтижесінде Азия атынан Спортшылар комитетіне мүше болып сайланды. Бұл сайлауда 20 орынға 44 үміткер таласты.

Бұдан бөлек, World Aquatics басшылығының шешімімен федерация комитеттеріне Мират Өтепов (Аудиторлық комитеттің кеңесшісі), Илья Гусаков (Жүзу бойынша техникалық комитет) және Еңлік Ұлтаракова (Спорттық медицина комитеті) кірді.

Айта кетейік, бұған дейін Сингапурда өткен World Aquatics конгресі аясында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин федерация басшысы Хусейн әл-Мусалламмен кездесу барысында Qazaqstan Aquatics өкілдерінің халықаралық құрылымдар жұмысына қатысуын кеңейту мәселесін талқылаған болатын.