YouTube-тағы ең қарқынды өсіп келе жатқан арналардың шамамен әр оныншысы тек нейрожелілер жасаған контент ұсынады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Factcheck.kz-ке сілтеме жасап.

The Guardian басылымы Playboard аналитикалық компаниясының деректеріне сілтеме жасаған. Олардың шілдедегі есебі бойынша, ең жылдам өсіп келе жатқан 100 арнаның тоғызы тек жасанды интеллект жасаған видеоларды жариялаған.

Мұндай видеоларда тосын оқиғалар көрсетіледі: мысалы ұшар алдында ғарыш кемесіне еңбектеп кіріп бара жатқан бала, зомби кейпіндегі Криштиану Роналду немесе мысық кейіпкерлер ойнайтын телехикаялар.

YouTube қайталанатын және жалған контент жариялайтын арналарға жарнамадан табыс алуға тыйым салатынын мәлімдеді. Бұл ереже жасанды интеллект арқылы жасалған аудио-бейне материалдарға да қатысты.

"YouTube-қа жүктелген кез келген контент, оның қалай жасалғанына қарамастан, қауымдастық ережелеріне бағынады", – деді платформаның өкілі.

The Guardian берген ақпараттан кейін YouTube үш арнаны өшіріп, тағы екеуінің жарнама табысын бұғаттаған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget