Аляскада Ресей Президенті Владимир Путин мен АҚШ Президенті Дональд Трамп кездесті.

Бұл Владимир Путиннің АҚШ-қа соңғы 10 жылдағы бірінші сапары болды және шамамен 5 сағатқа созылды.

Соның 3 сағатқа жуығын қос Президент бетпе-бет өткізіп, 4 рет қол алысты. Бірақ бұл ортақ мәмілеге қол жеткізбеді.

"Біз өте өнімді кездесу өткіздік, көптеген мәселелерді талқыладық, алайда толық келісімге әлі келе алмадық. Ең бастысы – бізде бейбітшілікке жету мүмкіндігі бар. Менің Президент Путинмен қарым-қатынасым өте жақсы. Көптеген мәселелер бойынша келісімге келдік. Тек бірнеше даулы мәселе қалды. Мен телефон қоңырауларын бастаймын. Зеленскийге және НАТО-ға қоңырау шалатын боламын. Соңында шешімді НАТО мен Украина қабылдайды", – деді Трамп.

Сөзін жалғап, алға жылжу бар екенін, жақын арада Путинмен қайта жолығып қалатынын жеткізді.

Сондай-ақ, Владимир Путин Дональд Трамптың "Украинаға қауіпсіздік кепілі керек" деген сөзін қуаттады.