Астанада халықаралық іздеуде жүрген 38 жастағы ресейлік ұсталды. Ол Ресейдің Новосібір қаласында адамдарды әдейі көлікпен қаққан деген күдікке ілінген, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресейдегі оқиға

Оқиға 10 тамызда Новосібірдегі бір дәмхана маңында болған. Жүк көлігінің жүргізушісі мен дәмхана қонақтарының арасында жанжал шығып, біраз уақыттан кейін ол көлігімен қайта оралып, адамдар тұрған жаққа екі рет кері жылжыған. БАҚ мәліметінше, жүргізуші әдейі әрекет еткен.

Оқиғадан кейін ер адам қашып, Қазақстан шекарасынан өтіп кеткен. Ол мемлекетаралық іздеуге жарияланып, сот күдіктіні сырттай қамауға алды.

Астанадағы ұсталу

14 тамызда Астана криминалдық полициясы күдіктінің орналасқан жерін анықтап, оны ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Іс бойынша мәлімет

Күдіктіге қатысты "екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір оны Ресейге экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget