Синоптиктер алдағы үш күнде – 17-19 тамыз аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Астанадағы ауа райы болжамы

17 тамызда құбылмалы бұлтты болмақ, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел күндіз 7-12, екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы күндіз 20-22 градус жылы.

18 тамызда да құбылмалы бұлтты болады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 19-21 градус жылы.

19 тамызда құбылмалы бұлттылық сақталады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 23-25 градус нөлден жоғары.

Алматыдағы ауа райы болжамы

17 тамызда мегаполисте құбылмалы бұлтты болады. Батыстан 3-8 жел соғады, екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы күндіз 28-30 градус нөлден жоғары.

18 тамызда құбылмалы бұлттылық сақталады, қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-шығыстан 3-8 жел соғады, екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 25-27 градус нөлден жоғары.

19 тамызда құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 28-30 градус нөлден жоғары.