Онда тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс кез келген білім беру ұйымын таңдап, өтінішті электронды түрде беруге мүмкіндік бар.
Ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке ауыстыруды eGov.kz порталы арқылы жүзеге асыра алады.
Бұл қызмет есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды талап етпейді. Өтініш беруші оқу тілін таңдап, қажет болса, өтінішін қайтарып ала алады.
Қызметті алу үшін:
- eGov.kz порталында тіркелу;
- "Білім" → "Орта білім" бөлімінде "Балаларды мектептен мектепке ауыстыру" қызметін таңдау;
- Өтінішті толтырып, ЭЦҚ көмегімен қол қою;
- Нәтижемен Жеке кабинетте танысу керек.