Бұл туралы көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола облысындағы жеке ұшақ апатына байланысты комиссия құрылды. Кеше кешке UP-LA229 жеңіл моторлы ұшағы апатқа ұшырап, ішінде болған екі адам пилот пен жолаушы қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Көлік министрлігінің мәліметінше, авиациялық оқиғаларды тергеу ережесіне сәйкес арнайы комиссия құрылды.
– Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – дейді ведомстводан.
Оқиға орнына министрліктің апаттарды тергеу департаментінің мамандары аттанды.
Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталып жатыр.