Сейсенбі күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды .
Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр, бұршақ, жел және найзағай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Ақтөбе мен Жамбыл облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, сол сияқты өрттің жоғары қаупі күтіледі.
Қарағанды, Павлодар қалаларында және Павлодар облысында найзағай ойнап, күн күркірейді.
Атырау, Семей, Жетісу және Алматы облыстарында найзағай ойнап, төтенше өрт қаупі болжанып отыр.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 20 мың есірткі сайты бұғатталды, 38 мың банк картасы тоқтатылды – ІІМ
Алматы, Қонаев, Талдықорған, Тараз, Шымкент және Түркістан қалаларында төтенше өрт қаупі сақталады.
Орал қаласында, сондай-ақ Атырау, Ақтөбе, Абай, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл, жел және төтенше өрт қаупі күтіледі.