Нью-Йорктегі олимпиадаға 93 елден 1000-нан астам оқушы қатысты.
Астанадағы Республикалық физика-математика мектебінің 4-сынып оқушысы Алишер Мұрат Copernicus Olympiad халықаралық математика олимпиадасында алтын медаль иеленді.
Олимпиада АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Колумбия университетінің базасында өтті. Олимпиадаға іріктеу кезеңінде әлем елдерінен 3 мыңнан астам оқушы бақ сынаса, үздік мың оқушы жаһандық турға қатысты. Олар күрделі математикалық есептерді шығармашылықпен шешу қабілеттері бойынша сайысты.
Олимпиадаға Қазақстан атынан қатысқан Алишер Мұрат өз санатында алтын медаль мен бірінші орынды жеңіп алды.
"Оның жеңісі тек отбасы мен мектебі үшін ғана емес, бүкіл ел үшін үлкен жетістік болды. Бұл жеңіс қазақстандық оқушылардың жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, Қазақстанның халықаралық білім беру аренасындағы беделін арттырды", – делінген ресми хабарламада.

Оқи отырыңыз:
IQanat олимпиадасы: Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбау үшін дербес грант бөлді
Жаңа оқу жылы қарсаңында 100 ауыл мұғалімі білім беру үздіктерінен сабақ алды