Осыдан бірер күн бұрын Әділбек Мусин Барселонадағы жарыста 50 метрге баттерфляй стильінде жүзуде үздік бестік қатарынан табылған еді.

Жүзуден Францияның Канет қаласында басталған Mare Nostrum Swim Tour 2025 халықаралық турнирінде қоржынымызға алғашқы жүлде түсті. 100 метрге баттерфляй әдісі бойынша жүзуде Қазақстан құрамасының көшбасшысы Әділбек Мусин 51.82 уақыт көрсеткішімен мәреге екінші болып келді.

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Максим Груссе (51.40 секунд) алтыннан алқа тақты. Ал эстафета сайысынан әлем чемпионы Роман Шевляков 51.93 уақыт көрсеткішімен турнирдің қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, бұл жарыста әлемнің 53 елінен 609 спортшы сынға түсуде.

Әділбек Мусин үшін бұл жүлде – халықаралық аренадағы кезекті табысы ғана емес, алдағы жарыстарда жоғары нәтижеге жетудің нақты көрсеткіші. Ол өзінің мықты спорттық бабында екенін дәлелдеді.