Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай әлеуметтік желіде әйеліне құшақтасып түскен фотосы үшін сынға қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Отбасылық демалыста түскен суреттің астына жүздеген пікір жазылып, көпшілік шенеунікті де, жұбайын да талқыға салды.

Желі қолданушыларының бір бөлігі әкімнің отбасына тиісуді орынсыз деп санаса, енді біреулері оның жеке өмірін әңгіме етіп, әйелін сынаған.

«Мен шаршаған әйелді көріп тұрмын», – деп жазды бір оқырман.

Тағы бірі: «Өз әйелін қадірлемеген басқаны қадірлей ме?» – деп пікір қалдырды. Кейбірі әкімнің отбасылық суретін «әйеліне адалдықтың көрінісі» деп бағаласа, енді бір топ «қоғам қайраткерлерінің әр ісі жұрт назарында болғандықтан, мұндай фотоларға абай болу керек» деген ой айтты.

Қарапайым фотоға қатысты қызу талқылау қоғамда тағы бір рет шенеуніктердің жеке өмірі мен отбасы мәселесінің қаншалықты жұрт назарында екенін көрсетті.