FlyArystan әуекомпаниясының Түркістан-Алматы бағытындағы ұшақта отырғызу кезінде дау шықты. Жолаушы әуекомпаниясының қызметкерінен қазақша жауап беруді талап етіп, арты жанжалға ұласқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға 17 тамызда Түркістан әуежайында FS7162 рейсіне отырғызу кезінде болған. Тасымалдаушының айтуынша, жанжал кезінде әйел әуежай қызметкерін итеріп жіберген.
Жағдай жанжалға ұласып, қызметтер шақырылды. Салдарынан рейс үш сағатқа кешіктірілді.
Жолаушы қызметкерлердің мемлекеттік тілде жауап беруін талап етті, бірақ жолаушы олай болмады дейді. Видео әлеуметтік желіде тарап кетті.
FlyArystan қызметкерлері куәгер болған жолаушылардан видеоны өшіруді талап етті. Бұл көпшіліктің наразылығын тудырды.
"Тиісті қызметтер шақырылды. Ұшақ бортындағы жағдайға FlyArystan жерүсті қызметінің өкілі отырғызу аяқталған кезде араласты. Ол жолаушыға мінез-құлық ережелерін түсіндірмек болды. Таратылған видео толық салынбаған. Әуежай агентінің қатысуымен жазбаны жою туралы өтініш тек жанжалды шешуге бағытталған", – деп мәлімдеді әуекомпанияның баспасөз қызметі.
Жолаушылардың айтуынша, үш сағатқа жуық кешігуге дәл осы ауызша кикілжің себеп болған. Кейін компания қызметкері кешірім сұрап, ұшақ Алматыға ұшып кетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Жалимбетова Акмарал | Онлайн бизнес (@akmaral.zhalimbetova)