Ақмола облысына жұмыс сапарымен барған Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов этносаралық келісімді нығайтуға арналған бірқатар шараларға қатысты, деп хабарлайды 24kz.

Көкшетаудағы Достық үйінде ол сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесін тамашалап, облыстық этномәдени бірлестіктердің жұмысымен танысты. Ал Ассамблея активімен өткен кездесуде Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды орындау, ҚХА-ның 30 жылдығына дайындық және әлеуметтік-мәдени жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар этномедиацияны жетілдіру және ақпараттық жұмысты күшейту жайы қозғалды.

Гүлбара Нұрқанова, ҚХА жанындағы Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының төрағасы:

- Көкшетаудағы Достық үйінің ішінде әр этнос өкілдерінің өздерінің жеке кабинеттері бар. Ол жерде ұлттық бұйымдары, күнделікті қолданатын немесе бұрынғы ата-бабаларынан қалған ескерткіш ретіндегі бұйымдарын өздерінде сақтап, келешек жастарға үйретеді. Тек қана өздерінің емес, осында келетін қонақтарға көрсетуге жағдай жасалған.