Петропавл қаласында ел бірлігін нығайтуға үлес қосқандар марапатталды.

18 адамға «Алғыс» төсбелгісі мен алғыс хаттары табыс етілді. Салтанатты рәсімде ҚР ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов су тасқыны кезінде жергілікті тұрғындар нағыз патриотизмнің үлгісін көрсеткенін атап өтті. Табиғи апат болғанда зардап шеккендерге 2 мыңнан аса ерікті көмек көрсеткенін айтты. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 90-ға тарта әртүрлі этнос өкілдері тұрады. Оншақты этномәдени орталық пен бірнеше бірлестік жұмыс істейді.

Марат Әзілханов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

- Биыл біз ерекше тарихи белеске жеттік. Ол жаңа айтылды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы. Оны бәріміз атап өтудеміз. Әлбетте, бұл ел бірлігі мен келесімінің жаңа белесі ғана емес, халқымыздың татулық жолындағы сенімді қадамдарының айқын көрінісі.