НАТО саммиті 2026 жылдың 7-8 шілдесінде Анкарада өтеді. Бұл туралы альянс хатшысы Марк Рютте ресми түрде мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Түркияға осындай маңызды халықаралық шараны өткізуге дайын болғаны үшін алғысымды білдіремін, – деді Рютте.
Оның айтуынша, саммитке ұйымға мүше елдердің президенттері мен үкімет басшылары қатысып, қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді талқылайды және заманауи қатерлерге жауап берудің стратегиялық жолдарын әзірлейді.
Бұл – соңғы 25 жылда Түркияда өтетін НАТО-ның екінші саммиті. Бұған дейін мұндай басқосу 2004 жылы Ыстанбұлда өткен. Анкарада саммит өткізу туралы шешім Түркияның альянстағы стратегиялық рөлін айқындайды.
Күн тәртібіне қорғанысты күшейту, серіктес елдерге қолдау көрсету және НАТО-ны өзгеріп жатқан геосаяси жағдайға бейімдеу мәселелері енгізіледі.