Өзбекстан құрамасы маңызды матчтарға дайындықты португалиялық маманға сеніп тапсырмақ.
Өзбекстан құрамасын 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында жаңа бас бапкер жаттықтыратын болды.
Championat.asia хабарлағандай, ұлттық команданы португалиялық маман Паулу Бенту баптайтын болады. Айта кетейік, Өзбекстан тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатына жолдама алған еді.
“Өзбекстан құрамасының тізгінін 2026 жылғы әлем біріншілігінде португалиялық бапкер ұстауы ықтимал”, – деп жазады дереккөз.
61 жастағы маманның соңғы жұмыс орны – БАӘ құрамасы. Бенту командасы іріктеу кезеңінен өте алмағаннан кейін қызметінен босатылған болатын.
Бұған дейін ол “Спортинг”, “Крузейро”, “Олимпиакос”, “Чунцин Лифань” клубтарында, сондай-ақ Португалия, Оңтүстік Корея және БАӘ ұлттық құрамаларында еңбек еткен.