Бірінші ойын Шотландияның Глазго қаласында өтіп, 0:0 есебімен аяқталған еді.

Енді 26 тамыз күнгі Алматыдағы қарымта әрі жауапты матчта бәрі белгілі болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Селтиктің" бас бапкері Брендан Роджерс алғашқы кездесуден соң ойынға қатысты өз пікірін айтты.

– Бірінші таймдағы ойынымызға да, нәтижеге де көңіл толмады. Кездесуді қалаған қарқынмен бастаған жоқпыз, тым бәсең қимылдадық. Командалық әрекетіміз де күткендегідей болған жоқ. Екінші тайм әлдеқайда жақсы өтті. Ойынды жоғары деңгейде бастадық, бірақ шешуші, ұрымтал сәтті таба алмадық. Матч соңында түзету жасау үшін құрамға өзгерістер енгізуге тура келді. Соған қарамастан, жігіттер екінші таймда жақсы ойнады. Десе де, бұл деңгейде бұдан да артық нәтиже қажет. Келесі ойында соны дәлелдей аламыз деп үміттенемін, – деді ол.

Айта кетейік, "Селтиктің" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі "Қайратпен" екінші кездесуінде қазақстандық жас жұлдыз Дастан Сәтпаев сары қағаз алуына байланысты алаңға шыға алмайды.

Ал қарсылас команданың бас жаттықтырушысы қарымта матчта жеңетініне еш күмән келтірмей отыр.

– Әрине, өз алаңымызда артықшылықты пайдаланғымыз келген. Бұған дейін де осындай жағдайды бастан өткергенмін. "Русенборгпен" іріктеу кезеңінде 0:0 есебімен тең түсіп, сырт алаңда жеңіске жетіп, финалға өткенбіз. Біз сол ойында тамаша өнер көрсетіп, жеңіске жеттік. Сол сияқты, бұл жолы да жеңіске жететінімізге еш күмәнім жоқ. Бәрі біздің қолымызда, – деді Роджерс.

Бұған дейін "Қайраттың" Шотландияда сенсация жасағанын жазған едік.