Соққыға жығылған үй иесінің жағдайы ауыр, ауруханада жатыр.
Сағат түнгі 02:00 шамасында белгісіз екі адам ерлі-зайыптының үйіне заңсыз кіріп, күш қолданып, ақша мен бағалы заттарды талап еткен, деп жазады inbusiness.kz сайты Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қарақшылар аздаған қаржы мен алтын әшекейлерді иемденіп, үй иесіне ауыр дене жарақаттарын салған.
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдіктілерді ұстаған. Тергеу барысында олардың бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
"Күдіктілер қамауға алынды. Кінәлілер заң аясында жазасын алады. Күш қолдану арқылы жасалған қарақшылық үшін өте қатаң жаза көзделгенін ескертемін", – деп хабарлады Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.