Ол өзінің Instagram парақшасында кішкентай ұлының қаздан қашып бара жатқан сәтін бөліскен. Бұл видеоны кейін танымал америкалық рэпер Snoop Dogg өзінің ресми Instagram парақшасында да жариялапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қаздан қашқан бала хештегімен жарияланған ролик бірден танымалдыққа ие болып, көптің сүйіспеншілігіне бөленді. Қазірдің өзінде видео авторы Махамбет Ермековтың бейнежазбасын Instagram желісінде 104 млн адам көріп үлгерді. Видеоны 8,3 млн адам ұнатып, 38,4 мың пікір қалдырған.

«100 миллион қаралым болады деп кім ойлаған», – деп жазды баланың әкесі Махамбет Ермеков.

Белгілі болғандай, қаздан қашқан ұл баланың есімі – Керей. Оның өзінен кейін тағы екі інісі бар. Әлемдік хитке айналған видео авторына шетелден хабарласып жатқандар да жоқ емес.

«Жарнама қабылдаймын», – деп жазды Махамбет Ермеков өзінің желідегі парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @mahambet_ermekov