Алдын ала дерек бойынша, Алматы облысында жасөпірім құрдасына белгісіз құралмен жарақат салған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алматы облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
"Қазіргі уақытта күдіктінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Полиция болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу және жедел іс-қимылдар кешенін жүзеге асырады. Кінәлі адам заңға сәйкес жауапқа тартылады", — деп хабарлады департамент.