Нью-Йорк штатының апелляциялық соты АҚШ президенті Дональд Трампқа 454 млн доллар айыппұл салу туралы шешімнің күшін жойды.
Бұл сома Трамптың жылжымайтын мүлкі мен активтерінің құнын әдейі өсіріп көрсеткені үшін салынған айыппұл еді. Бұған дейін сот алқасы бір шешімге келе алмады. Бірі айыппұл тым жоғары десе, енді бірі істі қайта қарау керек деді. Сонымен қатар сот Трамп пен оның компаниясын банктерді және сақтандырушыларды алдады деп айыптап, үш жылға несие алуына тыйым салған болатын. Апелляция барысында бұл шектеулер де уақытша тоқтатылды.