Салдарынан әйелдердің бірі оқиға орнында қаза болды.

22 тамыз күні сағат 10:20 шамасында Коршунов–Өскемен-1 (Өскемен-1–Риддер учаскесі) теміржолында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, пойыз машинисі жолға шыққан екі әйелді көріп, қозғалысты дереу тежеуге тырысқанымен, тоқтап үлгермеген. Салдарынан әйелдердің бірі оқиға орнында қаза болып, екіншісі ауыр жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

ҚТЖ қаза болған адамның отбасына көңіл айтып, жараланған әйелдің сауығып кетуін тіледі. Компания теміржол маңындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салды.


Оқи отырыңыз: ҚТЖ: 112 бағыт бойынша жүретін барлық пойыз бейнекамерамен жабдықталады