Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Елімізде 2025 жылдың басынан бері 235 мыңға жуық шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Құқық бұзғандардың ішінде 10 630 шетелдікке қатысты сот шешімі шығып, олар елден шығарылған.
– Еліміздің қолданыстағы заңнамасына сәйкес, мұндай азаматтарға Қазақстан аумағына 5 жыл бойы кіруге тыйым салынады, – деп мәлімдеді министрлік Kazinform агенттігіне берген жауабында.