Блогер әрі көңіл көтеру орнының арт-директоры жұрттың назарын аудару үшін әдепсіз бейнелер жариялаған.
Видеода мекеме қонақтарына тиіскен сәттері, бейәдеп қылықтар мен балағат сөздер бар. Бұл жазбалар қала тұрғындарының ашу-ызасын тудырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
33 жастағы азамат қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткені үшін 15 тәулікке қамауға алынды.
– Қаралым мен "лайк" үшін заңды бұзуға жол берілмейді. Мұндай әрекеттер заңға сәйкес қатаң тоқтатылады. Блог жүргізетін азаматтар арандатушы немесе қорлайтын материал жариялау жауапкершілікке әкелетінін ұмытпауы тиіс. Интернет те заң мен моральдан тыс емес, – делінген полиция хабарламасында.