Әлеуметтік желіде белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен жары Мөлдір Мұқанованың қарым-қатынасына қатысты қызу талқылау толастар емес. Желі қолданушылары олардың ажырасқаны жайлы түрлі пікір білдіріп, әртүрлі әңгімелер жазуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Күні кеше Мөлдір Instagram парақшасында жүрекжарды жазбасын бөлісіп, жұртшылық назарын өзіне аударды. Ол:
«Айналамдагылар неге саған жамандық жасағандарға үн қатпайсың деп сұрайды. Ал мен уақытымды өз деңгейімнен төмен түсіп, кек қайтаруға ысырап етпеймін. Мен үшін тыныштық – ең үлкен жеңіс, сабыр сақтау – нағыз биіктік. Себебі менің жүрегімде кек емес, кешірім көп», – деп жазды.
Бұл сөздерді оқыған жұртшылық оны Қабатовпен байланыстырып, тұспалды жауап деп қабылдады. Жазба астына пікір қалдырғандар әртүрлі ой айтты. Бірі: «Жүрегі таза, аппақ көңіл жансыз», десе, енді бірі: «Байдың кетуіне өзіңіздің қылықтарыңыз себеп емес пе, Тұрсынбектей ер азаматты қалай жіберіп алдыңыз?» деген пікір білдірді.
Әзірге Тұрсынбек Қабатов бұл жайға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ. Ал Мөлдір Мұқанованың «кек сақтамаймын» деген сөзі қоғамда жаңа сұрақтарды тудырып отыр.
Желіде қызу талқыланған тақырыптың басты сауалы қазір біреу ғана: Мөлдір шынымен Қабатовпен арадағы жағдайды тұспалдап айтып отыр ма, әлде бұл жай ғана философиялық ой ма?