Бөлімдер
Жаңалықтар

Астанада жас діни көшбасшылардың ІІ форумы өтеді

Астанада жас діни көшбасшылардың ІІ форумы өтеді

18 қыркүйекте Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі аясында Жас дінбасылардың II форумы өтеді.

Кездесуге әлемнің шамамен 60 елінен 100-ден астам делегация қатысады. Олардың қатарында әлем діндерінің рухани көшбасшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, саяси және қоғам қайраткерлері бар. Сарапшылар дінаралық диалогтың маңызын атап өтті. Мұндай іс-шаралар лаңкестік пен климаттың өзгеруі сияқты жаһандық сын-қатерлерді бірлесіп еңсеруге және сенімді арттыруға ықпал етеді дейді.

Дженни Крюс, Warley woods қасиетті хильда шіркеуінің қызметкері:

– Климаттың өзгеруі – бәрімізге ортақ, әділеттілікке тікелей әсер ететін маңызды тақырып. Әртүрлі дін өкілдерімен кездескенде, бұл мәселенің әр аймақта қалай сезілетінін жақсырақ түсінеміз. Ал лаңкестікке келсек, адамдар арасындағы сенімсіздік көбіне бір-бірімен ашық сөйлеспегеннен туындайды. Сондықтан осындай форумдар өте құнды. Олар дінбасыларды жақындастырып, қате түсініктерді жояды.