Бұл туралы елорда әуежайының баспасөз қызметі мәлім етті.

Жексенбі, 24 тамыз күні Астанадан Нячангқа ұшып шыққан VietJet Air ұшағы елордаға қайта оралуға мәжбүр болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әуе кемесінің аэродромға қайта оралуы туралы шешімді жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігіне және авиациялық тәртіпке сәйкес, экпаж командирі қабылдады", делінген хабарламада.

Ұшақта Астана әуежайында қабылдау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды.

Ұшақ жерге штаттық режимде қонды.