Оқиға Қабанбай батыр даңғылында болған.
Бүгін таңертең елордада автобус жолдан шығып кетіп, апатқа ұшырады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға қарағанда, апатқа ұшыраған автобус қалалық маршрутта жүретін көлікке ұқсамайды.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан 14 адам жедел жәрдеммен қалалық көпсалалы стационарларға және Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына жеткізілген.
– Барлық зардап шеккендер қабылдау бөлімінде тексеруден өтті. Бірқатары амбулаторлық емдеуге жіберілді, ал қалғандары қосымша тексеруден өтіп жатыр. Жарақат алғандардың басым бөлігі жеңіл жараланған, – делінген ведомство мәліметінде.