Жезқазғаннан Астанаға бет алған жолаушылар пойызы жолда күтпеген жерден шұғыл тоқтап, бірнеше жолаушы жеңіл жарақат алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға 24 тамыз күні кешкі сағат 21:38-де Қызылжар – Түйемойнақ аралығында болған. «Қазақстан темір жолы» хабарлауынша, №107 пойыз небәрі 12 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан кезде машинист рельстің үстінде тұрған жүк вагонын байқап, бар болғаны 300 метр қалғанда пойызды дереу тоқтатуға мәжбүр болды.
Кенеттен тоқтаған сәтте кейбір жолаушылар жарақат алған. Абырой болғанда, ауыр зардап жоқ. Теміржол инфрақұрылымы мен локомотив бүлінбеген.
ҚТЖ мәліметінше, пойыз 23:14-те қайта қозғалысын жалғастырған.