Бөлімдер
Жаңалықтар

Қазақстандық спортшы ірі халықаралық турнирде күміс алды

Қазақстандық спортшы ірі халықаралық турнирде күміс алды

Қазақстан бадминтон құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Камерун астанасы Яундеде өткен ірі халықаралық турнирдің финалында өнер көрсетті, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

Ерлер арасындағы жекелей сайыстың шешуші ойынында қазақстандық спортшы Индонезия өкілі Прадиска Шудживомен кездесті.

Кездесу қарсыластың пайдасына 2:0 есебімен (21:13, 21:7) аяқталды.

Осылайша Дмитрий Панарин жарысты екінші орынмен тәмамдады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget