Астанада автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі сайға түсіп кетті.
Салдарынан 14 адам ауруханаға жеткізілді. Оқыс жағдай Қабанбай батыр даңғылының бойында болған. Қалалық Полиция департаментінің дерегінше, мерседес маркалы автобус қызметтік көлік. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер дәрігердің бақылауында. Басым бөлігі жеңіл жарақат алып үйіне қайтарылған. Қалғандарына ем-дом жасалды. Ал қызметтік автобус қай компанияға тиісілі екенін Полиция департаменті ашып айтпады.