Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі өзін-өзі өртемек болған жолаушының оқиғасына қатысты түсінік берді.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері мен авиациялық қауіпсіздік қызметінің жедел әрекетінің арқасында өрт тез арада сөндіріліп, жолаушыға алғашқы медициналық көмек берілді.

Ол ауруханаға жеткізілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

– Бұл оқиға әуежайдың қызметіне байланысты емес және әуе айлағының жұмысына әсер етпеді. Алматы халықаралық әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы халықаралық әуежайында бір ер адамның касса жанында өзін өртемек болған еді. Полицейлер дер кезінде әрекет етіп, қайғылы жағдайдың алдын алды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.