Мысыр елінің Сыртқы істер министрлігі жаңа талаптарын жариялады.
Тізімде Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан Республикасынан келетін азаматтардың Шарм-эль-Шейхке кіру ережелері өзгерген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Енді Қазақстан азаматтары 21 жасқа дейінгі балалар туыстарымен (әже, ата, тәте, көке, ағасы, әпкесі) бірге сапарға шықса, бір ата-анасынан нотариалды расталған келісімхат қажет. Онда ел мен сапар мерзімі көрсетілуі тиіс.
Қажетті құжаттар тізімі:
- Баланың туу туралы куәлігі;
- Туысының паспорты;
- Орыс және ағылшын тілінде нотариалды расталған келісімхат.
Сонымен қатар, аталған елдердің азаматтары егер толық туристік пакетсіз (тек әуе билетімен) баратын болса, онда:
- Мысыр елшілігінде алдын ала виза рәсімдеуі;
- Ұлттық қауіпсіздік қызметінен арнайы рұқсат алуы қажет.